Туған қызының тірі екенін білмеген әйел оны 69 жылдан кейін ғана көрді

Источник: nur.kz

Конни Маултруп 1949 жылы дүниеге келіп, өзін асырап алғанша жетімдер үйінде тәрбиеленген. Артынша жаңа жанұясына барған ол бес жасқа келгенде өгей шешесінен айырылыпты. Еш жақыным жоқ деп есептеп жүрген келіншек 69 жасқа келгенде ДНҚ сараптамасының көмегімен анасын тапқан екен. Бұл туралы Lenta сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Бір жыл бұрын қызы Конниға туыстарын ДНҚ арқылы іздейтін Ancestry.com жинағын берген. Осылайша келіншек өзінің алыс туыстарын тауып, өз анасының есімін атаған.

"Мен оған анамның есімі Дженевив Пьюринтон екенін айттым. Сонда ол "Ой, ол менің әпкем ғой. Ол әлі тірі", -деп айтты", -деді келіншек.

Ал 88 жастағы Дженевив жалғыз өзі тұратын болып шыққан. Анықталғандай, Конни дүниеге келген Индиана ауруханасының дәрігерлері оған баланың шетінеп кеткенін айтыпты.

"Ол тұрмысқа шықпағандықтан, мені өлді деп айтқан. Ол, тіпті, менің бар екенімді білмеген", -дейді Конни.

Ана мен баланы мәжбүрлеп ажырату 1973 жылы АҚШ түсік жасатуды заңдастырғанша елде таралып кеткен тәжірибе болатын.

Добавить комментарий