Сот ресейлік аруға 8 ай бойы Instagram қолдануға тыйым салды

Источник: nur.kz

Ресейдің Саранск қаласында 2018 жылы жалған шағым түсірген 17 жастағы бойжеткенге сот сегіз ай бойы Instagram қолдануға тыйым салды деп жазады life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

2018 жылдың мамыр айында бойжеткен құзырлы органдарға жергілікті тұрғын зорлағаны жайында шағым түсірген.

Тергеу барысында құқық қорғаушылар бойжеткеннің осылайша, өзімен араласудан бас тартқан ер адамнан кек алғысы келгенін анықтаған.

Аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Бойжеткенге жеңіл айып тағылғандықтан, сот оны қылмыстық жазаға тартпай, орнына тәрбиелеу шаралары ретінде сегіз ай бойы Instagram-ды пайдалануына тыйым салды.

Добавить комментарий