Ресейде 9-шы қабаттан құлаған ана мен бала ғажайыптың күшімен тірі қалды

Источник: nur.kz

Мәскеу облысы Люберцы қаласында тоғызыншы қабаттан құлаған ана мен бала тірі қалған деп хабарлайды TACC агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Мәскеу облысының ішкі істер басқармасының айтуынша, жоғарғы қабаттан құлаған ана мен баланы ауруханаға түскен.

"Оқыс оқиға бейсенбі күні түстен кейін орын алған. Екеуі де ауруханаға жатқызылды. Бұл жағдайға қатысты тексеріс басталды", — деп хабарлады полиция.

Құзырлы органдар "әйелдің психикалық ауытқуы болуы мүмкін" екенін жеткізген.

"Ана өзін де, баласын да өлтірмек ойы болмаған. Оның сөзінше, құлайтынның алдында "жын-шайтаннан" қашыпты", — дейді құзырлы орган өкілдері.

Добавить комментарий