Жұмыстан әбден шаршаған қырғыз жігіттерінің суреті елдің жүрегін ауыртты (фото)
Источник:
Әлеуметтік желі қолданушылары Мәскеу метросында ұйықтап қалған екі жігіттің суретін қызу талқылауда. Фото авторы Дмитрий Марков деп хабарлайды kaktus.media-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.
Фотограф суретке Renaissance деген атау берген. Кадрда жұмыстан кейін қажып, шаршаған қырғыз азаматтары бейнелеген.
Ал желі қолданушылары аталмыш фото үйінен жырақта жүрген қырғыз еңбек мигранттарының бүгінгі жай-күйін дөп басып, бейленеп беретін кадр екенін алға тартуда.
Әртүрлі дереккөздің мәліметінше, бүгінде Қазақстан мен Ресейде 720 мыңнан 1 млн-ға дейін қырғыз азаматтары бар. Бұл деген әрбір еңбекке қабілетті үшінші қырғызстандық еңбек мигранты болып жұмыс істейтінін көрсетеді екен.