Грузияда тараған шошқа тұмауынан бір айда 16 адам қайтыс болды

Источник: nur.kz

Грузияда Н1N1 вирусынан он айлық нәресте көз жұмды. Соңғы айда шошқа тумауынан 16 адам қайтыс болды деп хабарлайды newsgeorgia.ge сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Оқиға бірнеше күн бұрын Грузияның бір аймағында болған.

Грузия денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, зертханалық талдау нәтижесінде нәресте аталған вирусты жұқтырғанға дейін қызылшамен ауырып, қатты әлсіреген.

Дәрігерлердің айтуынша, ата-анасы ауруханаға апармағандықтан, бала үйінде қайтыс болыпты.

Грузияда соңғы айда шошқа тұмауынан 16 адам көз жұмған.

Сонымен қатар, денсаулық сақтау министрлігі мемлекетте бірнеше күннен бері Н1N1 вирусына шалдығу көрсеткіші азайғанын мәлімдеді.

Добавить комментарий