1,5 жасар сәбиді өлімші етіп сабаған әйел жаға ұстатты

Источник: nur.kz

Қырғызстанның еңбек және әлеуметтік даму министрлігі Жеті-Оғыз ауданында аяусыз соққы салдарынан көз жұмған бір жарым жасар бүлдіршінге қатысты жаңа деректерді мәлім етті деп хабарлайды kaktus.media сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Оқиға Светлая поляна елді мекенінде болған. Бүлдіршіннің 1997 жылғы анасы күйеуімен ажырасып кеткен. Неке ресми тіркелмегендіктен, баланың туу туралы куәлігінде әкесіне қатысты ақпарат жазылмаған.

Әйел адам биыл қарашада баласын нағашы ағасының үйіне қалдырып, Мәскеуге жұмыс істеуге кеткен.

"Баланы уақытша туыстарына қалдырғанын әйел адам да, оның туыстары да әлеуметтік даму органдарына хабарламаған. 2016 жылдың қаңтарынан бері ағасының отбасы тұрмысы төмен жанұя ретінде тіркелген. Төрт балаға 3564 сом көлемінде жәрдемақы алып отырған", — деді еңбек және әлеуметтік даму органдарының өкілдері.

23-ші желтоқсан күні түскі 12 шамасында баланың әпкесі нәрестені ауыр халде аудандық ауруханаға жеткізген.

Дәрігерлердің айтуынша, 23-ші желтоқсан күні балақай есін жимастан қайтыс болған.

Қазіргі таңда баланың әпкесі тұтқындалып, тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Добавить комментарий