Жылап тұрған қызды жұбатқан Путин елдің жүрегін елжіретті (видео)

Источник: nur.kz

Ресей президенті Владимир Путин Санкт-Петербургке сапары кезінде жылап тұрған қыз баланы жұбатып, елдің алғысына бөленді деп хабарлайды Sputnik Молдова.

Жетінші қаңтар күні Ресей көшбасшысы Петропавл қамалына барған. Сапары кезінде президентпен суретке түскісі келген қала тұрғындары мен қонақтары оның жанында еріп жүрген. Алайда Путиннің уақыты шектеулі болғандықтан кейбір адамдар президентпен суретке түсе алмай қалған.

Олардың арасында Путинмен естелік суреті болмайтынына көңілі түсіп, жылап қалған қыз бала да табылды.

Жылап тұрған қызды Ресей көшбасшысы көлік салонына отырып, терезеге қараған кезде байқап қалған.

Автокөліктің жанында жылап тұрған қыз баланы көріп, Путин көлігінен түседі. Ал күзетшісі жылап тұрған қызды жақын келуін сұрайды.

"Жылама. Неге сен жылап тұрсың?", — деп президент оған қызығушылық танытады.

Осы жерде қыз баланың Ресей көшбасшысымен суретке түсіп үлгере алмағаны анықталады. Путин оны құшағына алып, суретке түсіп, келесі кездесуіне аттанып кетеді.

Добавить комментарий