Әйелінің егіз босанғанын естіген футболшы ойынды тастай жүгірді
Источник:
Англиялық "Ньюпорт Каунти" клубының қақпашысы Джо Дэй футбол ойынынан соң әйелінің егіз босанғанын естіп, перзентханаға жүгірген. Бұл туралы Lenta.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.
Оқиға "Ньюпорт Каунти" мен "Миддлсбро" арасындағы ойын аяқталған соң орын алған.
Дэн журналистерге берген сұхбатында, әйелі екеуі ойын кезінде толғақ басталатынын сезгенін айтқан.
Жұбайы өзіне алаңдамауын сұрап, жолдасынан алаңға шығып ойынға қатыса беруін өтінген.
Нәтижесінде, Дэйдің командасы кубок ойынында 2:0 есебімен жеңіске жеткен.
Төрешінің соңғы ысқырығы шалынған соң, қақпашыға егіз қыздары өмірге келгенін хабарлаған.
Кадрдан футболшының жеңісті тойлауға мұршасы болмай, перзентханаға жүгіргенін байқауға болады.