Өзіне бай күйеу жігіт іздеген келіншек танысу агенттігінен ақша өндіріп алды

Источник: nur.kz

Лондонның 47 жастағы тұрғыны Тереза Бурки өзіне арманындағы күйеужігітті тауып беруге уәде берген танысу агенттігінен 13 мың фунт стерлинг өндіріп алды деп жазады lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Әйел адам бірнеше үйі әрі жақсы табыс табатын жұмысы бар ауқатты ер адамды іздеген.

Оған қоса, үш баласы бар 47 жастағы келіншек болашақ күйеужігітінен сәби сүйгісі келгенін де алға тартты.

Аталмыш мекеме өз базасында жеті мыңға жуық ер адам отырады деп алдап соққан. Агенттіктің айтқанына сеніп, оған тіркелгенде танысу базасында жүз шақты ғана жігіттің отыратынына әйелдің көзі жеткен.

Нәтижесінде арманындағы сүйіктісін таба алмаған Тереза аталмыш агенттікті сотқа беріп, істі жеңіп шықты.

Ол өзіне бай күйеужігіт тауып береміз деп сендірген мекемені қыруар қаржы төлеуге мәжбүр еткен.

Добавить комментарий