Қырғызстанда жүкті әйелдің өліміне кінәлі дәрігер жазадан құтылып кетті

Источник: nur.kz

Қырғыстанның Джалал-Абад облысының дәрігері әйелді дұрыс босандырмағандықтан, келіншектің өлімі үшін жақындары сотқа берген. Алайда ақ халаттының кінәсі дәлелденбеген деп хабарлайды Kaktusmedia сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Жергілікті аурухананың босандыру бөлмесінің бас дәрігері Маратқа 2016 жылы 28 қарашада жүктілігіне 38 апта болған Насипа есімді келіншек қаралуға келген. Бұрынырақ келіншектің денсаулығында ешқандай кінәрат болмапты.

Қаралушының жатыры тек 7 сантиметрге ашылғандықтан, дәрігер кесарь операциясын жасауды шешіпті.

Осыған дейін ол жүкті әйелге толғақты тездету үшін неше түрлі дәрілер берген. Нәтижесінде әйелдің жатыры жарылып кеткен.

Ондай кезде әйелді жедел жәрдем машинасымен басқа жаққа апаруға рұқсат етілмеген, дәрігер ештеңеге қарамай облыстық ауруханаға алып барған.

Ол жердің дәрігерлері босану алдындағы жатырдың тұтастай жарылуы, ұрықтың қазасы, 4-ші дәрежедегі қан кету шогы, органдық жетіспеушілік, бастың ісуі, мидың комаға түсуі, мидың қан тамырларының ұйып қалуы, қауіпті сепсис деген диагноздар қойыпты.

Әйелдің жағдайы өте ауыр болған. Күтіп жүрген нәресте шетінеп кеткен. 2017 жылы 2 қаңтарда облыстық ауруханада келіншек қиналып өледі.

2017 жылы 23 маусымда соттық-медициналық сараптама әйелдің өлімі сепсистің салдарынан болды, ол жатырдың жарылуына әкеліп соқты деген шешім шығарды.

Құқық қорғау органының қызметкерлері тексеріп жүргенде, Марат өзінің қаралушысынң қайтыс болғанын естіген.

Ол гинеколог-дәрігер қызметіне ауысып, қайтыс болған әйелге қатысты жалған құжат жасаған. Онда әйел соңғы жүктілігіне дейін үш рет аборт жасаған деп көрсетілген.

Дәрігер сотта өзінің кінәсін мойындамаған.

Әйелдің әпкесінің айтуынша, Насипаға дәрігер "толғақты шақыратын ұнтақ" берген, содан соң система салған. Сондай-ақ жүкті әйелге 8 литрдей донорлық қан құйған.

2018 жылы Созақ ауданының соты "Қызметтік алдау" бабы бойынша ақтаған. Дәрігердің қылмысы дәлелденбеген.

Марат "Медициналық қызметкердің кәсіби міндеттерін орындамауы, жәбірленушінің өліміне әкеп соққан" деген баппен қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Дәрігер қылмыстық қудалаудың шектеулі мерзімдері бойынша шартты жазамен босатылды.

Добавить комментарий