Стадионға табыт көтеріп келген футбол жанкүйерлері жұртты дүрліктірді (видео)

Источник: nur.kz

Испаниялық "Алавес" футбол клубының жанкүйерлері ел назарын өзіне аударды. Сүйікті командасының 11 ақпан күні өткен ойынына олар табыт алып келген. Осылайша футболсүйер қауым өз наразылықтарын білдіруге тырысқан деп жазады sports.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

"Алавес" жанкүйерлері команданың ойындары үнемі жұмыс күндеріне түсе бергені үшін клуб басшылығына шүйліккен.

Олар адамдарға лық толы стадион арқылы табытты көтеріп өтіпті. Бұл жағдай әлеуметтік желілерде тез тарап, бірден қызу талқыға түскен.

Ал, "Алавес" пен "Леванте" арасындағы кездесу 2:0 есебімен, бірінші команданың жеңісімен аяқталды.

Бұл жеңіс "Алавеске" 35 ұпайға ие болып, турнирлік кестеде алтыншы орынға көтерілуге мүмкіндік берді. Ал "Леванте" болса 27 ұпаймен 14-ші орынды иеленді.

Добавить комментарий