Екі рет тұрмыс құрып, 50 жыл бойы пәктігін сақтаған әйел әлем назарына ілікті

Источник: nur.kz

Ұлыбритания тұрғыны Мария-Луиза Ворнның өмірі көпшілікті таңғалдырады. Әйел адам екі рет тұрмысқа шыққанына қарамастан, 50 жасқа дейін пәктігінен айырылмаған. bigpicture.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ назарларыңызға осы ерекше хикаяны ұсынады.

Мария-Луиза Девон графтығында туылған. Екі рет тұрмыс құрған ол жыныстық қатынастан хабарсыз болыпты.

18 жасында тұрмысқа шыққан Девонның бірінші күйеуі өзінен 12 жас үлкен және өте діншіл адам болған.

Ол жыныстық қатынасқа тек ұрпақ жалғастыру үшін түсу керек дегенге сеніпті. Сол себепті өзі бала қаламағандықтан, әйеліне жақындамаған. Жұбайлардың тұрмыстық өмірі осылай бес жыл бойы жалғасыпты.

Мария-Луиза екінші күйеуі Кэрол Сойерді 25 жасында кездестірген. Ол кезде ер адамның отбасы мен Трейси мен Саманта есімді екі қызы болыпты.

Кэрол Марияға өзінің спорттық тауарлар дүкенінен жұмыс ұсынған, ал бойжеткен келіскен.

Бірнеше жылдан кейін Кэрол Мария-Луиза үшін әйелімен ажырасып кетеді. Кейін британдық әйел біреудің шаңырағын шайқалтқаны үшін қатты өкінген.

Себебі Кэролдың қыздары өгей шешелерін жек көріпті, ал Мария-Луизаға ана рөлі ұнамаған.

Күйеуі болса басынан-ақ тән машақаты өзін қызықтырмайтынын айтқан. Ол үшін дәмді тамақ, үйдегі жағдайдың жасалуы мен отбасылық құндылықтар бірінші орында тұрыпты.

Бұл күйеуі де дінді берік ұстанған және ұрпақ жалғастыру жоспарларына кірмеген.

Мария-Луиза 13 жыл бойы күйеуіне адал болыпты. Олар 2000 жылдары Францияға көшіп барған. Бірақ мұнда да ештеңе өзгермеген.

2005 жылы Кэрол инсульт алып, сол жерде Мария дәрігер Тимоти Рохдимен танысады.

2008 жылы Кэрол мен Мария қатты ренжісіп, күйеуі оны тастап кетеді. Сол кезде әйел адам ұнатқан дәрігерін түстенуге шақырады. "Тимді түскі асқа шақырдым. Қоштасарда ол бетімнен сүйді, сонда тура мультфильмдегідей басым айналып қалды. Екі айдан кейін ол мені кешкі асқа шақырып, ынтызарлықпен сүйді. Сонда мен бұл жыныстық қатынасқа түсуге ұсыныс жасалғанын түсіндім", — деді Мария-Луиза.

Дәрігерге шындықты айтқан кезде ол қатты таңғалыпты. Алайда Тимоти түсіністік танытып, оған көп нәрсені үйреткен.

"Сол түні алғаш рет махаббатқа бөлендім. 51 жасқа келгенде пәктігімнен айырылдым. Өмірімде алғаш рет тірі екенімді сезіндім", — деді Мария.

Қазір әйел адам 62 жаста. Оның Патрик есімді ашынасы бар. Балалары жоқ болғанына қарамастан Мария-Луиза бақытты және өмірден ләззат ала біледі.

Добавить комментарий